Тоқаев жаңадан тағайындалған Алматы облысы полиция департаментінің бастығына тапсырма берді
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы күштік құрылымдарға тағайындалған лауазымды тұлғаларды қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанатай Далматовты, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовті және Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевті қабылдады.
Кездесу барысында мемлекет басшысы тиісті ведомстволардың жауапты қызмет бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс жариялаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2181893-toqaev-kushtik-qurylymdarga-tagaiyndalgan-lauazymdy-tulgalardy-qabyldady/