Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғары аудиторлық палата мүшесі Михаил Бортниктің өкілеттігі тоқтатылды

Жарияланған күні:

Михаил Бортник
Михаил Бортник. Фото: senate.parlam.kz

Бүгін Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Михаил Бортниктің өкілеттігі ресми түрде тоқтатылды. Бұл туралы парламент мәжілісіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мәжілістің Telegram-дағы реми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, парламент мәжілісі Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Михаил Бортниктің өкілеттігін 2024 жылғы 7 қарашадан бастап мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Депутат Татьяна Савельеваның айытуынша, Бортниктің Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалуына байланысты Жоғарғы аудиторлық палатасы мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысы мәжіліске түскен.

Еске сала кетейік, Бортник 2022 жылдың қарашасында Жоғары аудиторлық палата мүшесі лауазымына тағайындалған болатын.

Михаил Бортник 1960 жылы туып, Павлодар индустриалды институты мен Орталық Азия университетін бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Шевченкодағы пластмасса зауытында сол жабдықтарды жөндеуші қызметінен бастаған.

Әр жылдары Ақтау әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, сенат депутаты қызметтерін атқарды.

2020 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы қарашаға дейін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2186645-zhogargy-auditorlyq-palata-mushesi-mihail-bortnikting-okilettigi-toqtatyldy/