Top.Mail.Ru

Зектілері

Мұхтар Ерман ОСК төрағасының орынбасары болып сайланды

Жарияланған күні:

Мұхтар Ерман
Мұхтар Ерман. Фото: parlam.kz

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Жиын барысында төраға орынбасары және хатшы сайланды, деп хабарлайды ОСК ресми сайтында.

Онлайн өткен жиынға облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысқан.

ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Айманақұмов пен Михаил Бортник Орталық сайлау комиссиясының мүшелері, Ләззат Сүйіндік парламент сенатының қаулысымен ОСК мүшесі болып тағайындалғанын атап өтті.

Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында төрағаның орынбасары және хатшы сайланды. Комиссияның бірауыздан қабылдаған шешімімен ОСК төрағасының орынбасары болып Мұхтар Ерман, ал хатшы болып Шавхат Өтемісов сайланды.

ОСК Төрағасы ОСК мүшелері жұмысының негізгі бағыттарын және олар жетекшілік ететін қызмет салаларын белгіледі.

Сондай-ақ өңірлерден мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізудің ағымдағы мәселелері талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2186960-ortalyq-sailau-komissiiasy-toragasynyng-orynbasary-men-hatshysy-sailandy/