Тоқаев Молдова президенті Майя Сандумен кездесті
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова президенті Майя Сандумен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
СОР29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Майя Сандумен кездесу өткізді.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды, ең алдымен, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуде Майя Санду келесі жылы Астанада Молдова елшілігінің ашылуы елдеріміз арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ президенттер екіжақты жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2187003-toqaev-moldova-prezidenti-maiia-sandumen-kezdesti/