Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бектенов "Росатом" басшысымен кездесті

Жарияланған күні:

Олжас Бектенов. Фото
Олжас Бектенов. Фото: primeminister.kz

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов "Росатом" атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасындағы мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

Кездесуде атом энергетикасы, квант технологиясы, цифрландыру, сондай-ақ құзыреттер мен технологиялар алмасу, кадрлық әлеуетті дамыту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Олар осы салалардағы заманауи технологияларға қатысты өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ салаларды одан әрі дамытуға бағытталған түрлі елдер сарапшылары арасындағы өзара іс-қимылы мәселелері атап өтілді.

Үкімет таратқан мәліметте Бектенов пен Лихачев кездесуінде Қазақстанда АЭС салу мәселесі қозғалған-қозғалмағаны туралы ештеңе айтылмады.

Қазақстанда атом электр станциясын салғысы келетіндер тізімінде "Росатом" мемлекеттік корпорациясы да бар. АЭС салуға Франция, Қытай және Оңтүстік Корея елдерінің компаниялары да қызығып отыр.

Еске салсақ, биыл 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты референдум өтіп, оған қатысқандардың басым бөлігі құрылысты қолдаған.

Автор: Талғат Дүйсенбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2187480-bektenov-rosatom-basshysymen-kezdesti/