Тоқаев Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын Оман сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы жеделхатында Оман Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктесі саналатынын айтты. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің аса жауапты қызметі мен барлық бастамасына табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2188973-prezident-oman-sultanyna-quttyqtau-zhedelhatyn-zholdady/