Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цифрлық даму министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

Жарияланған күні:

Дмитрий Мун
Дмитрий Мун. Фото: primeminister.kz

Дмитрий Мун мифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды", - делінген үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Үкіметтің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 1991 жылы Астана қаласында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік универститетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы Астана қаласы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ орталығында сарапшы болып бастаған.

Әртүрлі жылдары "Қазпошта" АҚ менеджері, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің Талдау жұмыс және құқықтық реттеу басқармасында бөлім бастығы, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ департаментінде инженер-бағдарламашы, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Big Data жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарған.

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Астана қаласы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етіп келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2191166-dmitrii-mun-mifrlyq-damu-innovatsiialar-zhane-aerogarysh-onerkasibi-vitse-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/