Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Шәкір Шаяхметов
Шәкір Шаяхметов. Фото: ҚР Жоғарғы соты

Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып Шәкір Шаяхметов тағайындалды. Бұл туралы Жоғарғы сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Наиль Ахметзакиров Жоғарғы сот төрағасының өкімімен жаңадан тағайындалған Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметовті таныстырды.

Оның кандидатурасы Президент әкімшілігімен келісілген

Сот әкімшілігі басшысы Ш.Шаяхметовті кәсіби маман ретінде сипаттап, оның судьялардың тәуелсіздігі мен азаматтардың сотқа сенімін арттыру үшін бар күш-жігері мен тәжірибесін салатынына сенім білдірді", - делінген Жоғарғы соттың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Шәкір Шаяхметов 1971 жылы дүниеге келген.

Шымкент энергетика және бизнес колледжін "Электрондық есептеуіш машиналар мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалау" мамандығы бойынша және Ішкі істер министрлігінің академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен.

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент.

Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясында, С.Есқараев атындағы Бас прокуратураның Прокуратура кадрларының біліктілігін арттыру институтында, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында түрлі басшылық қызметтерді атқарған.

2023 жылдан бастап Сот әкімшілігі халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы қызметін атқарып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2191421-sot-akimshiligi-basshysynyng-birinshi-orynbasary-tagaiyndaldy/