Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысындағы аудандардың біріне жаңа әкім тағайындалды

Жарияланған күні:

Асланбек Шүйіншалиев
Асланбек Шүйіншалиев. Фото: gov.kz

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар аудан әкімі лауазымына ұсынылған Асланбек Шүйіншалиевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлік әкімдіктің ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, бүгін, 25 қарашада Алға аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтіп, оған депутаттармен қатар, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихат төрағасы Марат Тулеуов қатысқан.

"Отырыс барысында өңір басшысы  Алға ауданы әкімінің лауазымына Шүйіншалиев Асланбек Серікұлын тағайындау туралы ұсыныс білдірді, өмірбаянымен таныстырды.

Мәслихат депутаттары облыс әкімін қолдап, ұсынысқа бірауыздан келісім берді", - делінген ресми ақпаратта.

Облыс әкімі Асхат Шахаров, депутаттар жаңа аудан басшысының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2191935-aqtobe-oblysyndagy-audandardyng-birine-zhanga-akim-tagaiyndaldy/