Ақтөбе облысындағы аудандардың біріне жаңа әкім тағайындалды
Жарияланған күні:
Алмас Жақсылықов Темір ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Оны бұл қызметке облыс басшысы ұсынып, мәслихат депутаттары қолдаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облысы әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Облыс әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасына жариялаған мәліметке қарағанда, 17 желтоқсанда Темір аудандық мәслихатының кезектен тыс отырысы өтіп, оған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысқан. Мәслихат отырысында өңір басшысы Алмас Жақсылықовты Темі ауданының әкімі қызметіне ұсынған. Аудандық мәслихат Шахаров ұсынысын қолдап дауыс берген.
Алмас Жақсылықов 1978 жылы туған. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, ал 2019 жылы "Қайнар" академиясын бітірген.
Ол 2018-2023 жылдары Хромтау қаласының әкімі, Ақтөбе қаласы Астана әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2023 жылғы қазаннан бастап осы уақытқа дейін Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі қызметін атқарып келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2201193-aqtobe-oblysyndagy-bir-audanga-zhanga-akim-tagaiyndaldy/