Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қатар мемлекетінің әмірін құттықтады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни
Қасым-Жомарт Тоқаев, шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни . Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни мен оның отандастарын Қатар Мемлекетінің Ұлттық мерекесімен құттықтады.

"Мемлекет басшысы Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің бірі екеніне тоқталып, екі ел арасында сындарлы және мазмұнды қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Сондай-ақ дәстүрлі достық пен бауырластық рухындағы берік ынтымақтастық нығая түсіп, қос халықтың игілігі үшін ілгерілей беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына құт-береке тіледі", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2201867-toqaev-qatar-memleketining-amirin-quttyqtady/