Top.Mail.Ru

Зектілері

Атырау облысындағы аудандардың біріне жаңа әкім тағайындалды

Жарияланған күні:

Серік Нысанбаев
Серік Нысанбаев. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Серік Нысанбаев Атырау облысы Индер ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Президент Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Индер ауданының әкімі лауазымына Серік Бағытжанұлы Нысанбаев тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды", - делінген ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратта.

Әкімдік мәліметінше, Серік Нысанбаев 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "құқықтану" мамандығын тәмәмдаған.

Әр жылдары Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмыс бөлімінің бас маманы, Атырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

2022 жылдан тағайындалғанға дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2201955-atyrau-oblysyndagy-audandardyng-birine-zhanga-akim-tagaiyndaldy/