Top.Mail.Ru

Зектілері

Қазақстан мен Гвинея-Бисау исламдық қаржыландыру бағытында ынтымақтастық орнатуы мүмкін

Жарияланған күні:

Гвинеи-Бисау мемлекетінің президенті Астанада
Тоқаев пен Эмбало. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров қаржы орталығының құрылымы және қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берді.

Баяндамаға сәйкес, бүгінде АХҚО арқылы тартылған инвестиция көлемі 14 миллиард долларды құраған. Оның 6,7 миллиард доллары – Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар. Орталықта әлемдегі 85 елдің 3400-ден астам компаниясы тіркелген. Олардың қатарында Африка құрлығынан 6 компания бар.

"Екі ел орталық алаңында инвестиция, жасыл және исламдық қаржыландыру, сондай-ақ қаржы саласының мамандарын оқыту секілді басым бағыттар бойынша ынтымақтастық орната алады", - деді орталық басқарушысы..

Сонымен қатар Қазақстан мен Гвинея-Бисау президенттеріне прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – АХҚО сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығы мен Жасыл қаржы орталығының қызметі туралы баяндалды. Мемлекеттер басшылары АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) жұмысымен және қаржы орталығының реттеу режимінің ерекшеліктерімен танысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2202345-qazaqstan-men-gvineia-bisau-islamdyq-qarzhylandyru-bagytynda-yntymaqtastyq-ornatuy-mumkin/