"Бір-ақ адам әкелдім": Жетісу облысының әкімі "командасы" туралы сұраққа жауап берді
Жарияланған күні:
Жетісу облысындағы басшылық қызмет атқаратындардың түгелге жуығы жергілікті азаматтар екені белгілі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында өңір басшысы Бейбіт Исабаев айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әкім келсе, бүкіл командасы бірге келетін әдет туралы портал тілшісінің сұрағына Бейбіт Исабаев жауап берді.
"Жетісу облысына бір ғана адам апардым. Ол менің көмекшім. Сенат депутаты болған кезімнен бері қасымда. Басқа бірде бір адам алған жоқпын. Тіпті меннен басқа Алматы облысында туған адам жоқ. Бәрі де сол Жетісу өңірінен. Аудан әкімдері де жергілікті азаматтар",- деп жауап берді Исабаев.
Сондай-ақ әкім командалық басқару туралы өз ойын айтты.
"Командалық басқару деген өткен заманның елесі. Оны ұмыту керек. Мен ондайға ешқашан бармаймын", - деді әкім.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2202399-bir-aq-adam-akeldim-zhetisu-oblysynyng-akimi-komandasy-turaly-suraqqa-zhauap-berdi/