Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, мемлекет басшысы Ленинград облысында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты.
Саммитке Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Жиында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары мен негізгі міндеттері талқыланды. Сонымен қатар саммит қатысушылары Ұйым қызметінің өзекті мәселелері және жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.
Еске салсақ, 25 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2205563-toqaev-zhogary-euraziialyq-ekonomikalyq-kengesting-shagyn-quramdagy-otyrysyna-qatysty/