ТЖМ-ға қарасты Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы тағайындалды
Жарияланған күні:
Серік Жүнісбеков министрліктің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Серік Тұрсынәліұлы Жүнісбеков Министрліктің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Серік Жүнісбеков 1981 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл облысы Ішкі істер басқармасының тергеушісі болып бастаған.
Әр жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің тергеуші маманы, аға тергеушісі, ІІМ Академиясының ғылыми-зерттеу институты құрылымында бөлім бастығы, Штаб-басқарма бастығының орынбасары, Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, Жамбыл облысы ІІД басшысының орынбасары, ІІМ Алматы академиясы бастығының орынбасары, Алматы облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, бастығы қызметтерін атқарған.
2023-2024 жылдары — ІІМ Қостанай академиясының бастығы., кейін ТЖМ департаменті бастығы болған.
2024 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарып келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2205677-tzhm-ge-qarasty-totenshe-zhagdailardyng-aldyn-alu-komitetining-toragasy-tagaiyndaldy/