jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаевтың жарлығымен 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды

    жұмысшы
    Жұмысшы. Көрнекі фото: pexels.com

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

    1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.

    2. Қазақстан Республикасының үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

    4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген жарлықта.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйекте айында Қазақстан халқына жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланатын айтқан еді.

    "Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам. Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз", - деді президент жолдауда.

    Тоқаевтың жарлығымен 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.