Top.Mail.Ru

Зектілері

Кореядағы ұшақ апаты: Тоқаев ел президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айтты

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Ұшақ апаты болған жер. Фото: yna.co.kr

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салсақ, 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда Jeju Air 7C2216 рейсі апатқа ұшырады. Салдарынан 179 адам қаза тапқан.

Ұшақ бортында барлығы 181 адам, оның ішінде 175 жолаушы, 4 бортсерік және 2 ұшқыш болған.

Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Чхве Сан Мок ұшақ апатына байланысты 29 желтоқсан мен 4 қаңтарды қоса алғанда ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2206914-toqaev-koreia-prezidentining-mindetin-atqarushy-choi-san-mokqa-kongil-aitty/