Шавкат Мирзиеев Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы тілдесті
Жарияланған күні:
Бүгін, 30 желтоқсанда Шавкат Мирзиеев Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстан президентінің ресми сайтында хабарланғандай, 30 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарына бейбітшілік, амандық және өркендеу тіледі.
"Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастардың қазіргі ең жоғары деңгейі, сондай-ақ барлық салалардағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы ерекше атап өтілді", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2207030-shavkat-mirziioev-nursultan-nazarbaevpen-telefon-arqyly-tildesti/