Top.Mail.Ru

Зектілері

Тоқаев Черногория президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цетине қаласында орын алған жантүршігерлік оқиға Черногория президенті Яков Милатовичке көңіл айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Цетине қаласында орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Президент Черногория халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2207588-toqaev-chernogoriia-prezidenti-iakov-milatovichke-kongil-aitty/