Top.Mail.Ru

Зектілері

"Қазақстанды орта держава деп атайды": Тоқаев еліміздің халықаралық аренадағы стратегиялық маңызын айтты

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық маңызы мен халықаралық аренадағы орнын нығайту жолындағы басымдықтарын атап өтті. Бұл туралы президент "Ана тілі" газетіне берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президенттің айтуынша, Қазақстан тек тұрақты серіктестермен ғана емес, алыс құрлықтардағы мемлекеттермен де тығыз байланыс орнатуға ұмтылады.

"Қазақстан орналасқан жері, экономикалық әлеуеті және қазіргі геосаясат ахуалы тұрғысынан алғанда, әлемнің көптеген мемлекеті үшін стратегиялық маңызы бар ел саналады. Бізбен байырғы серіктестеріміз ғана емес, сонау Африка құрлығындағы мемлекеттер де достық қатынас құруға мүдделі. Батыста, жалпы жер жүзінде Қазақстанды орта держава деп атайды. Әрине, бұл мәртебенің салмағы да ауыр. Біз, ең алдымен, халықаралық аренадағы іс-әрекеттерімізге жауапкершілікпен қарап, қазіргі заманның аса күрделі мәселелеріне келгенде, сындарлы ұстанымда болуымыз керек. Сондықтан Қазақстан "барша адамзаттың ортақ үйі", еш баламасы жоқ әрі әмбебап құрылым саналатын Біріккен Ұлттар Ұйымын қашанда жақтайды", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ президент өз қызметінің негізгі мақсаты – елдің экономикалық әлеуеті мен егемендігін арттыру екенін баса айтты.

"Сонымен бірге мемлекет басшысы ретінде ішкі саясат мәселелерімен күнделікті айналысамын. Бұл – өте маңызды жұмыс. Сондықтан менің қызметімде сыртқы саясатқа басымдық беріліп кетті деген пікір дұрыс емес.

Менің басты мақсатым – мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін, егемендігін және халықаралық аренадағы орнын нығайта түсу. Мемлекет басшысы болған сәттен бастап қазірге дейін қабылдаған шешімдерім мен оның түрлі салдары үшін бар жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мен басқаша жұмыс істей алмаймын, істегім де келмейді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2207765-qazaqstandy-orta-derzhava-dep-ataidy-toqaev-elimizding-halyqaralyq-arenadagy-strategiialyq-mangyzyn-aitty/