Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Мейіржан Мұқасов
Мейіржан Мұқасов. Фото: instagram.com/atyrau_qalasy_akimdigi/

Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Мейіржан Мұқасов тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Атырау қаласы әкімдігінің Instagam әлеуметтік желісіне жариялаған мәліметінше, Мейіржан Мұқасов 1994 жылы Атырау облысында туған.

2016 жылы Атырау мұнай және газ институтын, 2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін, ал 2022 жылы Мәскеу экономикалық институтын аяқтаған.

Мұқасов 2020-2022 жылдары қалалық қаржы бөлімінің басшысы, 2022-2023 жылдары Атырау облыстық қаржы басқармасының басшысы, 2023-2024 жылдары Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін облыс әкімінің кеңесшісі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2208336-atyrau-qalasy-akimining-orynbasary-tagaiyndaldy/