jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады

    Шенеунік
    Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

    Түркістан облысы мәслихаты депутаттары облыс әкімін тағайындауға келісім беру үшін өтетін жиынға шақырылды. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    6 қаңтар сағат 10.30-да Түркістанда облыс әкімін тағайындауға келісім беру мәселесін қарау мақсатында мәслихат депутаттарының жиыны өтеді.

    Айта кетейік, қазір Түркістан облысын Дархан Сатыбалды басқарып отыр.

    Ол өңір басшысы болып 2022 жылғы тамызда тағайындалған.

    Дархан Сатыбалды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

    Экономика ғылымдарының кандидаты.

    Еңбек жолын 1996 жылы Келес ауданының "Келес" коммуналдық кәсіпорнында бастаған.

    Әр жылдары Қаржы министрлігінде, Президент Іс басқармасында, Білім және ғылым министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызметтер атқарған.

    2013-2015 жылдары Шымкент қаласының әкімі болған.

    Түркістан облысының әкімі болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.

    Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.