Top.Mail.Ru

Зектілері

Түркістан облысы әкімі қызметіне тағы кімнің кандидатурасы ұсынылған (фото)

Жарияланған күні:

Олжас Бектенов, Нұралхан Көшеров
Олжас Бектенов, Нұралхан Көшеров: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысының активіне жаңа тағайындалған әкім Нұралхан Көшеровті таныстырды. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, депутаттарға мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидат ұсыну туралы хаты оқылды. Қарауға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтің және Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің кандидатуралары ұсынылған.

Мұхит Тұрысбеков
Мұхит Тұрысбеков. Фото: facebook.com/Созақ ауданы әкімдігі

Сайлау комиссиясы ашық дауыс беру қорытындысын шығарып, 288 дауыстың 224-і Нұралхан Көшеровке берілді.

Мәслихат жиналысының қорытындысына сәйкес, Қазақстан президентінің тиісті жарлығымен Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

Нуралхан Кушеров
Нуралхан Кушеров. Фото: t.me/KZgovernment

Облыс активімен кездесуде премьер-министр Олжас Бектенов Дархан Сатыбалдыға өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыс тіледі.

"Премьер-министр өңір активіне жаңа әкімді таныстыра келе, мемлекет басшысының облыс басшылығы алдына қойған міндеттеріне тоқталды. Президенттің Ana tili газетіне берген сұқбатында айтылған экономиканы нығайту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсаты аясында, басым бағыттар қатарында экономиканы әртараптандыру және өнімді жаңа жұмыс орындарын құру арқылы кластерлік өндіріске көшу, "TURAN" АЭА мен өңірдің жалпы инвестициялық тартымдылығын арттыру, көлік-логистикалық әлеуетті ашу және АӨК дамуын арттыру мәселелері атап өтілді. Халықты қолжетімді әрі сапалы ауыз сумен және азық-түлік өнімдерінің тұрақты бағасын қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бірқатар міндеттер қойылды", - делінген үкімет хабарламасында.

Олжас Бектенов
Олдас Бектеновтің Түркістан активімен кездесуі. Фото: t.me/KZgovernment

Сондай-ақ жаңа әкімге облыс орталығы – Түркістанның тарихи әрі рухани маңыздылығын ескере отырып, мәдени мұраны сақтауға және түркі әлемінің бауырлас халықтары арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлу тапсырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2208647-bektenov-turkistan-oblysynyng-aktivine-zhanga-akimdi-tanystyrdy/