Top.Mail.Ru

Зектілері

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Бауыржан Есенов
Бауыржан Есенов. Фото: facebook.com/AktauPress

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне осыған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментін басқарған Бауыржан Есенов тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, Есенов Бауыржан Серікұлы 1983 жылы дүниеге келген. 2004 жылы Алматы қаласындағы заң университетін бітірген.

2005-2012 жылдары прокуратура органдарында әр түрлі лауазымдарда қызмет еткен.

2013-2017 жылдары Қарулы күштердің күш құрылымдарында командалық лауазымдарда жұмыс істеген.

Әр жылдары ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тауар нарықтарындағы монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеу бөлімінің басшысы, ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің заңнаманың сақталуын бақылау және талап қою жұмысы бөлімінің басшысы, ҰЭМ бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болған.

2020 жылдан бастап осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2209488-aqtau-qalasy-akimining-orynbasary-tagaiyndaldy/