Top.Mail.Ru

Зектілері

"Жеделдету керек": Тоқаев атом станциялары жөнінде мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясының құрылысын жеделдету қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 8 қаңтарда EXPO қалашығында орналасқан Жобалық кеңсе қызметімен танысу барысында атом энергетикасын дамыту перспективасы мәселесіне жеке тоқталып өтті.

"Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек. Мен Ana tili газетіне берген сұхбатымда екі үлкен станция салатынымызды айттым. Олардың саны тіпті үшеу болуы да мүмкін.

Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек", - деді президент.

Еске салсақ, 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу бойынша республикалық референдум өтті.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, қазақстандықтардың 71,12 пайызы АЭС салуды қолдап дауыс берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2209563-zhedeldetu-kerek-toqaev-atom-stantsiialary-zhoninde-malimdeme-zhasady/