jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев жақын күндері БАӘ-де саммитке қатысады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қаңтар күндері БАӘ-де "Абу Дабидің орнықты даму аптасы" саммитінің жұмысына қатысады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қаңтар күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның шақыруымен "Абу Дабидің орнықты даму аптасы" саммитінің жұмысына қатысады.

    Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдаған.

    Президентке ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді. Асхат Хасеновтің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" компаниялар тобы өткен жылы мұнай және конденсат өндіру көлемін 23,8 миллион тоннаға жеткізді. Бұл – 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,3 пайызға артық. Мұнай өндіру деңгейін сақтап тұру үшін Технологиялық сын-қатерлер бағдарламасы іске асырылып жатыр. Жоба әрбір кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыруда сараланған әдістерді қолдануды қарастырады.

    Тоқаев жақын күндері БАӘ-де саммитке қатысады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.