Top.Mail.Ru

Зектілері

Конституциялық соттың судьясы: жаңа тағайындалған әділет министрі туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Ерлан Сәрсембаев
Ерлан Сәрсембаев. Фото: gov.kz

Президент жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев әділет министрі лауазымына тағайындалған еді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ жаңа министр туралы деректерді назарыңызға ұсынады.

Конститутциялық соттың ақпаратына сәйкес, Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің ТМД елдерімен әскери ынтымақтастық бөлімінің офицері (1998), Қорғаныс министрі аппаратының Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің Шарт-құқықтық бөлімінің офицері, аға офицері лауазымдарында әскери қызмет атқарды (1998-2002).

Премьер-министр кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің консультанты (2002-2003), Премьер-министр кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп секторының консультанты, кейін  меңгерушісі  болды (2002-2005).

Кейін сенаты аппаратына ауысып, Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен өзара іс-қимыл бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сенат аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды (2005-2011).

Ұлттық қауіпсіздік органдарында ҰҚК Заң департаменті бастығының орынбасары, бастығы қызметін атқарды (2011-2016).

2016 жылдан бастап 2022 жылғы желтоқсанға дейінсенаты аппаратында әртүрлі басшылық қызметтерде болды: Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен өзара іс-қимыл бөлімі меңгерушісі (2016-2017). Сенаты аппараты басшысының орынбасары (2017-2019). Сенат аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі (2019-2022).

Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы лауазымына тағайындалды. (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап).

"Ерен еңбегі үшін", "Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісімен және бірқатар мерекелік медельдармен, сондай-ақ Жоғарғы Соттың, ҰҚК, ҚорМинінің, ТЖМ-нің ведомствалық наградаларымен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2210006-zhangadan-sailangan-adilet-ministri-turaly-ne-bilemiz/