Тоқаев БАӘ-ге жұмыс сапарымен барды (фото)
Жарияланған күні:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу Дабидің орнықты даму аптасы" саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ақорда ақпаратынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты Абу Даби әуежайынан БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Мемлекет басшысы БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2211191-toqaev-baa-ge-zhumys-saparymen-bardy/