Зектілері

Тоқаев кей жобаларға БЗЖҚ-дан "ұзақ мерзімге" берілетін қаржыны анағұрлым белсенді тартуға рұқсат етті

Жарияланған күні:

БЗЖҚ филиалына келушілердің бірі
БЗЖҚ-ға келген тұрғын. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент кей жобаларға БЗЖҚ-дан "ұзақ мерзімге" берілетін қаржыны анағұрлым белсенді тартуға болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бизнестің кепілге қоятын мүлкінің болмауы нақты секторды кредиттеуге кедергі келтіреді. Сондықтан займды кепілдендіру құралдарын көбейту қажет. Үкімет салалық даму институттарымен бірлесіп, кепілдік қорын құру мәселесін пысықтауы керек.

Банктердің, корпорациялардың, орталық және жергілікті билік органдарының жыл сайынғы жарнасы есебінен қаржыландырылатын мұндай қорлар бірқатар елде өз тиімділігін көрсетті.

Сондай-ақ экономикалық қайтарымы жоғары стратегиялық жобаларды жүзеге асырған кезде Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан нарық шарттарына сай "ұзақ мерзімге берілетін" қаржыны анағұрлым белсенді тартуға болады", - дейді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2215830-toqaev-kei-zhobalarga-bzzhq-dan-uzaq-merzimge-beriletin-qarzhyny-anagurlym-belsendi-tartuga-ruqsat-etti/