Мұхтар Әбілязов Францияда болуы мүмкін
Опубликовано:
"Тұран Әлем" банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблазов Францияда болуы мүмкін, деп жазады Казахстанская правда газеті.
Газет қазақстандық олигархтың ісі бойынша өздерінше тексеру жүргізген немістің және австрияның басылымдарына сараптама жасады. Немістің Sueddeutsche Zeitung газеті Әблазов Францияға өтіп кеткен болуы мүмкін дейді.
Соңғы рет оны Victoria Station стансасында Францияға баратын автобусқа мініп жатқан жерінде көрген. Содан бері Әблазовты көрген-білгендер жоқ. Еуропалық БАҚ-тар Offshore Leaks басылымының деректерін сараптай келе, Тұран Әлем банкінің қаражатын қабылдап алған фирмалар Әблазовтың қайнысы – Сырым Шалабаевқа тиесілі екенін анықтаған.
Экс-банкирді Италия құқық қорғау органдары іздестіріп жатқанын бұрын айтқан болатынбыз. Тиісті органдардың мамандары оны Рим маңындағы ауданда орналасқан үйінен іздеген, алайда қашқын ол үйінде болмай шықты.
Полицейлер үйден оның әйелі мен қызын тапты. 2013 жылы 31 мамырда ел аумағында жалған паспортпен заңсыз жүрген Әблазовтың әйелі – 47 жасар Алма Шалабаева мен кәмелет жасына толмаған қызы Алуа Қазақстанға қайтарылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/268588-myhtar-ebilyazov-francziyada-boluy-mymkin/