Мадина Жарбосынова ЕҚЫҰ-ның арнайы өкілі болып тағайындалды
Опубликовано:
Қазақстандық дипломат Мадина Жарбосынова ЕҚЫҰ-на жоғары лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Келіп түскен ақпаратта "3 маусымда Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне қазақстандық дипломат Мадина Бейнешқызы Жарбосынова ЕҚЫҰ Адам саудасына қарсы арнайы өкілі лауазымына тағайындалғаны туралы ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Занньердің хаты келіп түсті. Бұл Қазақстанның ЕҚЫҰ құрылымында жоғары деңгейде өкілдік етуі және Ұйым шеңберінде жемісті ынтымақтастық пен 2010 жылғы сәтті төрағалығымыздың нәтижесі болып табылады" делінген.
2013 ж. мамырда Мадина Жарбосынова Украинадағы ЕҚЫҰ жобаларының үйлестірушісі деген маңызды лауазымға тағайындалған болатын.
Мадина Жарбосынова – кәсіби дипломат, 1998-1999 жж. ол вице-министр қызметінде болып, кейін төрт жыл бойы Нью-Йорктегі БҰҰ маңындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі мен Кубадағы ҚР Елшісі ретінде жұмыс істеді. Кейіннен Қазақстанда СІМ Ерекше тапсырмалар бойынша елшісі қызметіне тағайындалып, адам құқықтары мен адами өлшемдер мәселелерімен айналысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/316615-madina-zharbosynova-ekyy-nyn-arnajy-okili-bolyp-tagajyndaldy/