Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Жарияланған күні:

Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің бұйрығымен облыс әкімінің бірінші орынбасары болып Роза Кемалова тағайындалды,деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Бұрын ол облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Роза Кемалова 1959 жылы туған. Алматыдағы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1980 жылы Торғай облыстық Мембанк кеңсесінің экономисі болып бастаған. Әр жылдары Ақтөбе өнеркәсіптік сауда экономисі, Мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру бойынша Ақтөбе аумақтық комитеті төрағасының бірінші орынбасары, "Кәсіпорындарды тарату және қайта құру бойынша агенттігі" АҚ Ақтөбе филиалы директорының бірінші орынбасары болып істеген.

1998 жылы Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары, 2002 жылы Хромтау ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Атырау облыстық мұнайгаз кешені, сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялық саясат басқармасы бастығының орынбасары, ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының басшысы болды.

2008 жылдың қарашасынан Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. Оның орнына облыс әкімінің орынбасары болып Ғали Исқалиев тағайындалды.

44 жастағы Ғали Исқалиев Батыс Қазақстан аграрлық университетін "АӨК экономикасы" мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес академиясын "корпоративті менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары кәсіпкерлікті дамыту және қолдау департаментінің директоры, Батыс Қазақстан облысында "Градиент"  аймақтық инвестициялық қорының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Кейін басқарма төрағасының, басқарушы директордың, вице-президенттің, "Қазақстан даму банкі" басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымдарында болды. 2012 жылдың наурызынан бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/319894-aktobe-oblysy-ekiminin-orynbasarlary-tagajyndaldy/