Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нұр Отан" партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы сайланды

Опубликовано:

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы болып сайланды деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның кандидатурасын 12 тамыз күні өткен партияның ХІХ кезектен тыс облыстық конференциясының делегаттары бірауыздан қолдады. Конференция жұмысына Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты. Ол облыстық филиалдың сайланған басшысына жаңа үлгідегі партия билетін табыс етті.

Нұрмұхамбет Әбдібеков өзіне көрсетілген сенім үшін зор алғысын білдіріп, Мемлекет басшысы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел алдына қойып отырған міндеттерді шешу және "Нұр Отан" ХДП сайлауалды платформасында белгіленген міндеттемелерді орындау үшін барлық күш-жігерін аямайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/326284-nyr-otan-partiyasynyn-karagandy-oblystyk-filialynyn-toragasy-sajlandy/