Бүгін еліміздің бар өңірінде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді

Опубликовано:

Бүгін  Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы басталды.Сенат депутаты мандатына 39 үміткер бағын сынайды.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 29 қыркүйек, 24.00-де үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аяқталды деп хабарлайды Bnews.kz.

Үгіт-насихат шарасының аясында сайлаушылармен 11-29 қыркүйек аралығында аймақтарда 266 кездесу өтті. 30 қыркүйек, сонымен бірге дауыс беру күні – 1 қазанда кез келген сайлауалды үгіт-насихатқа тыйым салынды.

Еске сала кетейік, сайлау заңнамасының талабына сәйкес қазіргі уақытта таңдаушылардың барлық тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Таңдаушылардың бірлескен отырысы егер оған облыстың барлық мәслихаттарынан сайланған депуттардың 50 пайыздан астамы қатысса заңды болып саналады.

Қазақстан Парламентінің Сенаты 47 депутаттан тұрады, олардың ішінде 32 сенатор барлық деңгейдегі мәслихаттардың таңдаушы-депутаттарының сайлауында: елдің әрбір 16 аймағынан Сенатқа екі депутаттан принципі бойынша сайланады.

Тағы 15 сенаторды Мемлекет басшысы Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және басқа маңызды мүдделері қажеттілігін ескере отырып тағайындайды.

Айта кетейік, 2008 жылғы 4 қазанда сайланған сенаторлар өкiлеттiлiгiнiң конституциялық мерзiмi осы жылдың 9 желтоқсанында аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/333776-bygin-elimizdin-bar-onirinde-parlament-senaty-deputattarynyn-sajlauy-otedi/

jitsu gif