Алматы соттарында бірқатар кадрлық ауыс-түйістер болды
Опубликовано:
Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай ұжымға Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының жаңа төрағасын таныстырды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.
Бұл қызметке осыған дейін Әскери сотта судья болып қызмет етіп келген Бақытжан Қараманов тағайындалды. Бұрынғы төраға Рүстем Алшынбаев Жамбыл облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.
Ағжан Ештай алқаның жаңа төрағасын таныстыра отырып, оған табыс тілеп, Бақытжан Сәдуақасұлының көп жылдық судьялық өтілі бар екенін айта кетті. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы болып, Мартпек Әшімжанұлы тағайындалды. Ол бұл орында Түрксіб аудандық сотының судьясы болып тағайындалған Болатбай Мамытовты ауыстырды.
Сонымен қатар, Алатау аудандық сотының судьясы болып Жанар Әбдірахманова, Алмалы аудандық сотына - Алма Әбдіхалықова, Әуезов аудандық сотына - Динара Жүзбаева, Бостандық аудандық сотына - Гүлмира Жоламанова және Айгүл Қапарова, Медеу аудандық сотына - Сағдат Баймақұлова, №2 Әуезов аудандық сотына - Ғалия Әбимұрат және Ілияс Қосаев, №2 Бостандық аудандық сотына - Олжас Күреңбеков және Арай Нұғыманова, №2 Жетысу аудандық сотына - Аршат Ихласбайқызы, Түрксіб аудандық сотына Бибігүл Жүсіпова және Айгүл Тұрсағұлова тағайындалды.
Оларды тағайындау туралы елбасы жарлыққа 2015 жылғы 18 ақпанда қол қойған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/356634-almaty-sottarynda-birkatar-kadrlyk-auys-tyjister-boldy/