Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттікке үміткерлерге қандай талаптар қойылады?

Опубликовано:

Президенттікке түсетін үміткер жоғарғы білімді, дені сау болуы қажет. Бұл жөнінде лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков айтты.

"2011 жылы өткен сайлаудан кейін біз комиссия жұмысының қорытындысымен ұсыныстар берген едік. Кез-келген адам жұмысқа орналасқан кезде білім туралы құжаттарымен бірге медициналық анықтамасын тапсырады. Ал президенттікке түсетін үміткерлер анықтама тапсырмайды. Президент деген дені сау, қатарынан озып шыққан қайраткер, маңдайы жарқырап тұрған, халқының бағына туған азамат болуы керек емес пе?", - деді Жолдасбеков.

Сонымен қатар,  заңда білім туралы ешнәрсе айтылмаған.

"Президент болатын адамның жоғарғы білімі болуы керек қой", - деп өз ойымен бөлісті комиссия төрағасы.

"Кез-келген адамның президент сайлауына өзін-өзі ұсынулары Ата заңымыздың ережелеріне байланысты. Кез-келген осы елдің азаматы өзінің адами құқығын дәлелдеу жолында келіп, мемлекеттік іс-шараға қатысуға толық мүмкіндігі де, құқығы да бар. Оның азаматтық құқығына, моральдық құқығына шектеу жасалмайды. Сондықтан бұл жерде адами құқығын шектемеу үшін оның білімі, денсаулығы, барлығына қатысты көптеген құжаттары талап етілмейді, - деп атап өтті лингвистикалық комиссияның мүшесі Фаузия Оразбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/358220-prezidenttikke-ymitkerlerge-kandaj-talaptar-kojylady/

pixel