Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абайдың қара сөзін ежіктеп оқыған үміткер емтиханнан құлады

Опубликовано:

Президенттікке өзін-өзі ұсынған Серік Мұқашев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген.

"Сізге жазба жұмысына "Қазақстан ассамблеясы - Қазақстан табысы" деген тақырып келді. Тақырыпты аша алмадыңыз. Шынында бұл ассамблеяның табыстылығы өзге мемлекетте жоқ. Ашу керек еді, шынында да тақырыпты аша алмадыңыз. Жұмыс сауатсыз жазылған. 35 қате кетіпті екі беттік жұмыстан. Оның ішінде емле қатесі- 11, тыныс белгісі- 15, стилі - 9", - деді кандидаттың сынақ нәтижесін жария еткен лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.

Үміткерге екінші кезеңде Абайдың кара сөздері, нақты айтқанда 43-ші қара сөзі түскен.

"Ежіктеп оқыды, бірінші сынып баласы сияқты кейбір сөздерді қайталаумен болды. Ұнамсыз деген сөзді 7 рет оқыды, бастық деген сөзді оқи алмады. Ауызекі сөйлей алғанымен, үміткер оқи алмайды деп есептейді комиссия", - деді ол.

"Көзілдірік дұрыс болмады сосын оқи алмадым. Ол қате пікір. Соны ескеріңіз", - деді комиссия мүшелеріне Серік Мұқаш.

Үшінші тапсырма ретінде "халық тарихи және рухани жәдігерлер " тақырыбы түскен.

"Рухани жәдігерге не жататынын сіз түсінбейсіз. Ыдыс-аяқ, қамшы, киім-кешек, сандық, осылардың барлығын сіз бізге тізіп бердіңіз. Лингвистикалық комиссияның қорытындысы: Серік Таскараұлы Мұқаш қазақ тілін меңгермеген. Сізге дайындалу керек", - деді Жолдасбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/359890-abajdyn-kara-sozin-ezhiktep-okygan-ymitker-emtihannan-kylady/