Көліктегі ІІД-нің жаңа басшысы тағайындалды
Опубликовано:
ІІМ бұйырығымен Көліктегі ІІД-нің жаңа бастығы болып полиция полковнигі Ержан Сапарбекұлы Саденов тағайындалды. Бұл туралы көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Ержан Сәденовті Көліктегі ІІД-нің жеке құрамына Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Ганұлы Демеуов таныстырды.
Ержан Сәденов бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының ІІД-де басшылық қызметте істеген, сондай-ақ Маңғысау облысы ІІД бастығының орынбасары лауазымын атқарған.
Кейінгі жылдары ҚР ІІМ аппаратында қызмет еткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/360782-koliktegi-iid-nin-zhana-basshysy-tagajyndaldy/