Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Біздің халық Құдайға деген сенімін жоғалтқан емес

Опубликовано:

Қазақстанда 500-дей шетелдік миссионер жұмыс істейді, деп хабарлады  Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біздің тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға жуық уақытында Қазақстан руханияттың өрлеу кезеңін бастан кешірді. Кеңестік дәуірде Қазақстанда да атеизмнің толық бекітілгенін сіздер білесіздер ғой, бірақ біздің халық Құдайға деген сенімін жоғалтқан емес. Қазір елде 3312 мешіт, шіркеу, ғибадат үйлері, синагога және басқа да діни ғимараттар әрекет етеді. Бізде 47 бұқаралық ақпарат құралы діни бағытта басылады. Елде 500-дей шетелдік миссионер жұмыс істейді», - деді Назарбаев сәрсенбі күні V әлемдік және дәстүрлі дін съезінің отырысында.

Ол ислам, христиан дәне өзге діндердің басты даталары барлық қазақстандықтар үшін ортақ мейрам болып табылатынын атап өтті.

«Адамды махаббатқа, рақымдылыққа және жақсылыққа түрткілейтін нәрсе ғана нағыз иман», - деді президент.

«Қазіргі тарих қоғамның діни қатыстағы толеранттылық мысалдарын біледі. Мысалы, біз Қазақстанда бір-бірімен бейбітшілік пен татулықта, өзара түсіністікте тұрып жатқан 18 конфессияның қатарласып өмір сүретін сәтті моделін құрдық. Сіздер біздің елордамызда осында қатысып отырған діни конфессиялардың кез келген ғибадатханасына бас сұға аласыздар. Сіздер адамдардың қалаша емін-еркін келіп, кетіп және әрқайсының бір Құдайға сиынып жатқанын көре аласыздар. Біздің діни бірлестіктер туралы заңнамамыз теңдік, ар-намыс еркіндігі қағидатына негізделген», - деп қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/782992-nazarbaev-bizdinh-khalyq-qudaygha-degen/

pixel