RU

Қызылордада қала әкімінің орынбасары тағайындалды

Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы 1981 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары: 1998 - 2002 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналист мамандығы бойынша, 2006 - 2008 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.

Айта кету керек, өткен жылдың шілдесінен Айдын Қайруллаев Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/830408-qyzylordada-qala-akimininh-orynbasar/