Қазақстандық саясаткерлер жаппай Apple сағаттарын сатып алып жатыр (фото)

Опубликовано:

Жақында Дмитрий Песковтың $620 мыңға сатып алған сағаты ресейліктер арасында бірталай пікірталас тудырған болатын. Ал Қазақстан шенеуніктері уақытты білуге қанша ақша жұмсайды?

Бұл сұраққа жауап іздеу барысында ел тұтқасын ұстаған азаматтардың Apple Watch сағатын жаппай пайдаланып жүргені байқалып қалды.

"Астана EXPO 2017" қарсаңында шенеуніктер қандай сағат тағып жүргенін Диас Такиевтің блог парақшасына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз.

Кәрім Мәсімов, премьер-министр

Жақында Астанадағы EXPO-17 тақырыбы аясында өткен жиынға премьер-министр Apple Watch 42 мм сағатын тағып келген.

Әділбек Жақсыбеков, бұрынғы Қорғаныс министрі, 2014 жылдан бастап Астана қаласының әкімі

2015 жылдың 11 маусымынан бастап "Астана EXPO 2017" басқармасының төрағасы қызметін қатар алған Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Sony SmartWatch сағатын тағып отырған болуы керек. Бұл ақпарат тексерілмеген екенін ескертеміз.

Ерболат Досаев, Ұлттық экономика министрі

Ұлттық экономика минстрі Ерболат Досаев болса, Apple Watch Sport 42 мм сағатымен көзге түсті.

Бақытжан Сағынтаев, премьер-министрдің бірінші орынбасары

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев та Apple Watch сағатына әуес болып шықты.

Нұрлан Смағұлов, танымал кәсіпкер

Еліміздің танымал кәсіпкері Нұрлан Смағұловтың да таңдауы Apple Watch сағаты болып шықты.

Айта кетерлігі, елімізде Apple Watch сағаттарының құны түріне байланысты 220 мың теңгеден 560 мың теңгеге дейін барады.

Еске сала кетсек, бұған дейін біздің сайт "Билік басындағылар уақыт білуге қанша қаражат жұмсайды?" деген фоторепортаж жариялап, әлемнің саясаткерлері ерекше бағалайтын сағат брендтері туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/842239-qazaqstandyq-sayasatkerler-zhappay-apple-s/