Бауыржан Байбектің баспасөз хатшысы тағайындалды
Опубликовано:
Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы болып Артур Нығметов тағайындалады.
Әзірге Артур Нығметовті ресми түрде таныстырған жоқ. Бірақ Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің қызметкерлерімен және жұмыс барысымен танысады деп жоспарланған.
Айта кетелік, Артур Нығметов 2007 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттің университетінің тарих факультетін бітірген. Одан кейін Мәскеу Саяси зерттеулер мектебін тәмамдаған.
Швецияның мемлекеттік және муниципалдық "SIPU International" басқармасында тағлымдамадан өткен. 2008-2012 жылдар аралығында бірқатар қазақстандық және шет елдік бұқаралық ақпарат құралдарында журналист және редактор қызметін атқарған
Британия соғыс және бейбітшілікті баяндау институты басылымында жарық көрген көптеген мақалалардың авторы. 2014 жылдан бері "Smart Advice" коммуникациялық тобында басқарушы серіктес болып қызмет атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/864038-bauyrzhan-baybektinh-baspasoz-khatshysy/