Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан комунисттік партиясы саясат сахнасынан кетті

Опубликовано:

Қазақстан коммунистік партиясы қызметін тоқтатты. Бұл туралы шешімді Алматы қалалық ауданаралық-экономикалық соты шығарды деп хабарлайды Интерфакс.

Еліміздің Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен заң қызметін ұйымдастыру департаменті мәліметінше, партияны жабу туралы сот шешімі 2015 жылдың 3 тамызынан бастап күшіне енді.

Айта кетсек, Қазақстанда бұдан бұрын екі коммунистік партия тіркелген еді. Олар оппозициялық бағыттағы Қазақстан коммунистік партиясы және Қазақстан коммунистік халық партиясы.

Республикамыздың Орталық сайлау комиссиясы дерегінше, Қазақстан коммунистік партиясы 1998 жылдың 27 тамызында тіркелген.

Оның қатарында еліміздің барлық облыстарында 54 мыңнан астам мүше болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/878874-qazaqstan-komunisttik-partiyasy-sayas/

pixel