Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев тұрғындарды Отбасы күнімен құттықтап, тілектерін жеткізді

Опубликовано:

13 қыркүйек - Отбасы күні. Президент Нұрсұлтан Назарбаев атаулы мерекеге орай тұрғындарды құттықтап, өз тілектерін жеткізді.

2013 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілген.

Дәл сол жылы 8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күні мерекесі аталып өткен еді.

12 қыркүйетке мерекеге орай ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасында мемлекеттік хатшы, президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова президент Нұрсұлтан Назарбаевтың барша Қазақстан халқын Отбасы күнімен  құттықтауын оқып берді.

«Қымбатты қазақстандықтар, құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Баршаңызды менің жарлығыма сәйкес қыркүйек айының 2-ші жексенбісінде аталып өтілетін Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын. «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының мәресі осы айтулы күнге орайластырылған. Әрбір шаңырақтағы береке түптеп келгенде тұтас елдің берекесі. Адамға еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық пен мейірімділік сияқты асыл қасиеттер отбасы арқылы дариды», - деп сөзін бастады президент.

«Бүгінгі мерейлі күнде әрбір қазақстандық отбасына қажырлы еңбек, тағлымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын лайықты жалғастырып келе жатқаны үшін зор ризашылығымды білдіремін. Берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі болады. Баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік, жақсылық тілеймін! Шаңырақтарыңызға махаббат пен татулық салтанат құрсын!» - делінген президенттің құттықтауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/887758-nazarbaev-turghyndardy-otbasy-kunime/

pixel