Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев батыстағы 4 облыстың әкіміне қалай жұмыс істеуді үйретті

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев Сочиден соң Атырауға келіп, батыстағы 4 облыстың әкімдеріне қалай жұмыс істеуді үйретті. Елбасы мұнай мен газға бай аймақтың кемшіліктерін шұқып көрсетіп, олқылықтарды дереу жоюға пәрмен берді деп хабарлайды КТК арнасы.

Осы жерде мемлекет басшысы шетелдің өнімін тасуға әуес шенеуніктерді сынап, отандық брендтті жалғыз өзі жарналамап жүргенін еске салды. Тіпті Қазақстанда тігілген бешпет-шалбарын да көрсетті.

Батыстағы төрт облыстың басшылары мен бірнеше министр бүгін Атырауда бас қосты. Елбасының қатысуымен өткен үлкен жиында сөз болған басты тақырып – мұнай-газ саласының жай-күйі мен елді есеңгіретпей дағдарыстан алып шығу жолдары туралы.

Дегенмен алғашында атқарған істерін тізіп, мақтауды үйіп төгіп жатқан шенділерді елбасы шетінен тыйып тастады.

- Хотелось поблагодарить Нурсултан Абишевич вашу поддержку по траншу 2,7 млрд долларов, теперь мы пока еще не получили, но...

- Слушай, все твое выступление состоит из благодарностей,то правительство, то это. Рассказывай что решено давно уже, все это работает, сейчас расскажи состояние дел какое?

Әдемі сөзбен әсерлі етіп, атқарған ісін баяндай бастаған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов те ескерту алып тынды.

- Сен олай деп мақтана берме.

- Мақтанып жатқан жоқпын, Нұрсұлтан Әбішевич

- Ақырындап істе.

- Дұрыс, айтасыз.

- Қайтесің, бас жаққа барыспа, өз шаруаңды бітір.

Назарбаев тұралап қалған аймақтағы жеңіл өнеркәсіпке жеке тоқталды. Мұнай-химия, ауыл шаруашылығы мен шекаралық аймақтардағы сауда да басты назарда. Осыған байланысты елбасы төрт облыстың әкімдеріне нақты тапсырма жүктеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/894577-nazarbaev-batystaghy-4-oblystynh-akimin/