jitsu gif
Саясат

    Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

    ІІМ
    Фото: gov.kz

    Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына Еркін Ботақанов тағайындалды. Тиісті құжатқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген құжат мәтінде.

    Айта кетейік, Еркін Ботақанов 1966 жылы туған. Үш жоғары әскери білімі бар.

    И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери қолбасшылық училищесін, ҚР Қарулы күштерінің Әскери академиясын, РФ Бас штабы Академиясын әскери мамандықтар бойынша тәмамдаған. Қолбасшының орынбасары, Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары - ҚР ІІМ ІӘ Комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

    2014 жылы Еркін Ботақанов "Орталық" аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы болып тағайындалды.

    2009 жылдың мамырында Еркін Ботақановқа генерал-майор шені берілді.

    Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.