jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Еркін Үйсімбаев
    Еркін Үйсімбаев. Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

    Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

    Еркін Құлымбайұлы 1977 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында туған.

    М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "инженер-механик", Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетін "құқықтану", Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтары бойынша тәмамдаған. ​

    Еңбек жолын 1999 жылы "Сұлтан тегі импекс" ЖШС-нде механизатор болып бастаған.

    Әр жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Қордай ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

    Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Білім және ғылым министрлігінде департамент директорының орынбасары, Жастар ісі комитеті төрағасының орынбасары, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары, Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық жаңғырту департаменті жаңғырту бағдарламаларын үйлестіру басқармасының басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

    2020 жылғы мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.

    Жаңа орынбасар облыстың мәдениет, тілдерді дамыту, ішкі саясат, білім, спорт, жастар, дін салалары бойынша жетекшілік ететін болады.

    Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.