jitsu gif
Саясат

    Назгүл Сағындықова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды

    Назгүл Сағындықова
    Назгүл Сағындықова. Фото: primeminister.kz

    Үкімет қаулысымен Назгүл Ерікқызы Сағындықова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

    Назгүл Сағындықова 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

    Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2001 жылы ЕХӘҚМ Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастады.

    2001-2005 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

    2005-2018 жылдары "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамында басшылық қызметтерді атқарды.

    2018-2020 жылдары Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі инспекторының м.а., инспекторы — Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болды.

    2020 жылғы қарашадан бастап Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі — Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

    Назгүл Сағындықова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.