Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Жарияланған күні:

Астана әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Астана қаласы әкімнің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы елора әкімдігі Telegram-дағы ресми парақшасында хабарлады.
Ведомствоның мәліметіне, Нұрлан Нұркенов Астана қаласы әкімнің бірінші орынбасары қызметіне Президент әкімшілігінің келісімімен 9 қаңтарда тағайындалған.
Жаңа лауазымында Нұрлан Нұркенов жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, қалалық ортаның сапасын бақылау, кешенді абаттандыру, санитарлық тазалау және т.б. бағыттарға жетекшілік етеді.
Астана қаласының әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Нұрлан Нұркенов 1976 жылғы 3 қараша күні Целиноград қаласында дүниеге келген.
С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебін, Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
1999-2006 жылдары – Астана қаласы әкімдігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2017-2019 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған.
2019 жылдың ақпан айынан бастап осы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2007311-astana-qalasy-akiminin-birinsi-orynbasary-tagaiyndaldy/